$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның спорт министрі өзінің спорттан мүлдем бейхабар екенін көрсетті

22 тамызда ҚР Премьері Кәрім Мәсімов бастаған делегация Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Түркістанға барып, зиялы қауыммен кездескен үкімет мүшелерінің қатарында "әйгілі" министр Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар. Жиындардың арасындағы үзілісте журналистер онымен сұхбаттасып, кешегі Рио олимпиадасындағы кей жағдайларға қатысты ойын сұраған болатын. Алайда, министрдің жауабын тілшілердің көбі түсіне қойған жоқ.

Нақтысын айтсақ, Мұхамедиұлы әлемдік дауға айналған қазақстандық боксшы Василий Левит пен орыс Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жекке тоқталды. Аталған кездесуде жерлесіміз қарсыласын 3 раунд бойы қуып жүріп сабағанымен, төрешілер жеңісті ресейлік спортшыға берген еді.

- Мұны көргенде біздің бүкіл делегация инфаркт ала жаздады. Қаншама тер төгіп, сәтті өнер көрсеткеніңде еңбегіңді осылай бағаласа, әрине... - деп сөзінің соңын жұтып қойған министр бір сәттен соң ойын басқаша өрбітті.

Сәл ойланған Арыстанбек Мұхамедиұлы алғаш айтқан сөзіне өзі қарсы шығып, Левиттің дұрыстап жұдырықтаса алмағанын айтты.

- Елеусінов секілді болу керек, бірде-бір соққы алмады. Міне, таза жеңіс деген осы. Жекпе-жекті осылай жеңу керек, төрешілерге кінә арта бермей, - деп құбылды Мәдениет және спорт министрі.

Оның айтуынша, Левит мемлекеттен және Бокс федерациясынан қомақты ақша алып қана қоймай, пәтерлі және көлікті болады екен. Соңғы екеуін Қостанай облысының әкімдігі мен кәсіпкерлер көтереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары