$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 20 жылға жуық қамауда болған әйел күтпеген жерден бостандыққа шықты

Мұны естіген сотталушы таңғалғанын жасырмайды. «Тіпті сенер-сенбесімді білмей отырмын», дейді.

30 жасынан бастап есірткіге әуестенген ол ең алғаш рет 9 жылға сотталған. Нашаны сақтап, сатып және қолданғаны үшін Қарағанды қаласында жазасын өтеген. Бірақ бұл оған сабақ болмапты. Бостандыққа шыққан соң ескі әдетін қайта бастаған.

«Қылмыс әлемімен бір байланысқан соң кету қиын болды. Қайта есірткіге әуестендім. Бостандықта жүрген жандардан бұл көлеңкелі іске жақындамауды сұраймын. Себебі бұған бір кірген соң шығу қиын. Байланып қаласың. Іздеп тұрасың», - дейді ол.

Осылайша Қостанай тумасы екінші рет темір торға тоғытылған. Бұл жолы Шымкент қаласындағы ИЧ 167/4 мекемесіне 12 жылға жазасын өтеуге жіберілген. Енді сегіз жыл өткен соң тәртібі түзелген деген себеппен бостандыққа шықпақ. Мұны естіген сотталушы таңғалғанын жасырмайды. «Тіпті сенер-сенбесімді білмей отырмын» дейді.

«Қандай сезімде отырғанымды айтып жеткізе алмаймын. Толқып отырмын. Бір жағынан сене алар емеспін. Түсім сияқты. Кеше тіпті дұрыс ұйықтай да алған жоқпын. Әлі де өң мен түстің арасында отырмын. Арман дей алмаймын, бірақ нақты мақсаттарым бар. Енді бұл қылмыс әлеміне жақындамай, өзгелер сияқты тыныш өмір сүргім келеді», – дейді ол.

Түзеу мекемесі бастығының сөзінше, Шымкентте жылына 10 әйел мерзімінен бұрын босатылады. Бірі тәртібінің түзелгені үшін үйіне қайтса, енді бірі түрлі шараға қатысып, белсенділік танытқаны үшін кешірім алады екен.

«Қазақстан бойынша қатаң түзеу колониясы болғандықтан мерзімдері үлкенірек. Сол себепті жылына 10 шақты сотталушы босатылып жатыр. Олар түзелуге әрекет жасап, ешқандай жазалау шараларына тартылмаған», - деп түсіндірді ИЧ 167/4 мекеме бастығы Айнұр Әділбекова.

Айта кетейік, қазір Шымкенттегі ИЧ167/4 мекмесінде 241 әйел жазасын өтеп жүр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары