Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Үндістанда таралып жатқан коронавирустың үштік мутациялық штамын жаһандық деңгейде «алаңдаушылық тудырады» деп таныды. Бұл туралы ДДСҰ ресми өкілі Мария Ван Керкхов СNBC телеарнасына мәлімдеді.
ДДСҰ-дағы жаңа аурулар мен зооноз бөлімшесі жетекшісінің айтуынша, Үндістаннан шыққан B.1.617 штаммы жұқпалы, түбі өлімге әкеледі және вакцинаға бастапқы ауруға қарағанда төзімді.
«Сондықтан біз бұл нұсқаны жаһандық проблемалар қатарына жатқызамыз. Кейбір алдын - ала зерттеулер вирустың жұғу, таралу деңгейі жоғарылағанын көрсетті, бізге вирустың бұл нұсқасы туралы көбірек ақпарат қажет», - деді Керкхов.
ДДCҰ өкілі мутацияланған инфекция бастапқы SARS-CoV-2 штаммына қарағанда жылдам таралатынын атап өтті.
Бұрын хабарланғандай, B.1.617 штаммы Үндістанда коронавирус санының тез өсуіне әкелуі мүмкін.