$ 486.44  534.31  5.06

«Тарифтер артып, ұсыныс төмендеді»: Досаев бензиннің қымбаттау себебін айтты

Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуіне байланысты бензин бағасы жыл басынан бері 11,6%-ке қымбаттаған.
фото: sputnik.kz
фото: sputnik.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бензин бағасы неге өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында жыл басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ке өскені байқалады", - деді Досаев үкімет отырысында.
Айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы 7% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік инфляциясы нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасы өсімінің төмендеуі аясында 10,7%-тен 9,8%-ке дейін баяулады.

Іскерлік белсенділіктің жандануы, халық кірісінің қалпына келуі, импорттың өсуі нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6%-тен 6,4%-ке дейін жеделдеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ай сайынғы өсімі 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары