$ 494.87  520.65  4.91

Әсел Айтпаеваның өлімі: Грузияға барған қазақстандық тергеушілер жауап алуға кірісті

Мамандар алдымен Грузия азаматы Бесик Тордуадан жауап алады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Мамандар алдымен Грузия азаматы Бесик Тордуадан жауап алады. Оған зорлау және өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу әрекеттері бойынша айып тағылып отыр, деп жазады kaz.nur.kz. Одан кейін Әсел Айтпаева жұмыс істеген фирманың иесінен жауап алынады. Ол – Қазақстан азаматы. Тордуаның адвокаты Майя Устарашвилидің айтуынша, Бесик адам саудасына қатыспаған. 

"Ол кісінің өзі зардап шеккен. Грузияда компания ашып, жұмыс істеді. Әселмен және Мұратпен кездейсоқ танысты. Бесик істің мән-жайын грузиялық тергеушілерге айтып берген", - дейді Устарашвили.

Айта кетейік, адам саудасына қатысты мәселені Әселдің ата-анасы көтерді. Журналистерге сұхбат берген Алтай Айтпаев Бесик Тордуаның айтқан сөзіне сенбейтінін мәлімдеген. Ал "Әсел тұрмысқа шыққысы келген, өз-өзіне қол салуға бейім болды" дегенді естігенде есеңгіреп қалған. Грузияда жұмбақ жағдайда көз жұмған қазақ қызының туған-туыстары адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүргізуді талап етіп отыр. 

Әселдің анасы Айсұлу Айтпаеваның адвокаты Нино Андриашвилидің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде грузиялық тергеушілер істі екі бап бойынша қозғады. Атап айтқанда, зорлау және өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу.

"Айсұлу Тбилисиде болғанда біз прокуратурада 11 сағат отырдық. Қазіргі кезде зорлау және өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біз адам өлтіру бабы бойынша іс қозғауды сұрап отырмыз. Қазіргі кезде сараптамалардың нәтижесін күтіп жүрміз. Сонда соққының іздері болды, болмады ма, көреміз" , - дейді Андриашвили.

Ал осы істің тағы бір фигуранты – Мұрат Мейірбеков Грузияда Әселді екі рет зорлағаны үшін айыпталып отыр. Қазіргі кезде ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында отыр

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған еді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары