$ 448.15  483.46  4.86

«1 020 950 теңге»: елімізде утильсбордан бөлек тағы бір жаңа салық түрі енгізілуі мүмкін

Утильсбордың лоббилері («крышалары») ретінде танылған АвтоБизнес Ассоциациясы ҚР Салық Кодексінің 576 бабына «ҚР территориясына 30 күннен артық уақытқа кіргізілген автокөліктерге «қоршаған ортаны ластағаны үшін» 350 АЕК көлемінде (биылғы есеп бойынша 1 020 950 тг) ЖАҢА салық түрін енгізуді ұсынып отыр!
Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz

Әлеуметтік желіде көлік жүргізушілері мен автонарық өкілдері үшін тағы бір жағымсыз жаңалық пайда болды. Енді бұдан былай еліміздің аумағында 30 күннен артық жүрген шетелдік көліктерге 350 АЕК көлемінде яғни 1 020 950 теңге салық салынбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қоғам белсендісі Нураддин Садықов өзінің facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, мұндай ұсыныс АвтоБизнес Ассоциациясы деген ұйым атынан түскен. 

«Осындайда айтуға сөз түспейді. Біз мұнда бұған дейін енгізіліп кеткен утильсборды алып тастауға ақ тер, көк тер боп жатқанда, басқа кеңістікте өмір сүретін мыналар мынадай «сыйлық» жасап жатыр. 

Осы аптада біз шулатып жатқан утильсбордың лоббилері («крышалары») ретінде танылған АвтоБизнес Ассоциациясы ҚР Салық Кодексінің 576 бабына «ҚР территориясына 30 күннен артық уақытқа кіргізілген автокөліктерге «қоршаған ортаны ластағаны үшін» 350 АЕК көлемінде (биылғы есеп бойынша 1 020 950 тг) ЖАҢА салық түрін енгізуді ұсынып отыр! 

Енді, егер сіз уақытша тіркеудегі «времянка» армян, ресей, қырғыз, грузин автокөлігінің иесі болсаңыз осы салықты төлеуге немесе утильсборды төлеуге артық 1 миллионнан астам теңгеңізді ыңғайлай беріңіз деген сөз. 

«Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» болды ғой, мынау. Бұлардың қымбат көліктерін мінбей, күнкөріс үшін көрші елдің көліктерін мінген топты тағы да түртпектей бастады. Бұған не дейсіздер ағайын?..», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Бұған дейін қырық мыңға жуық көлік жүргізушілерінің атынан делініп ел Президенті Тоқаевқа петиция жолданғанын жазған болатынбыз. Ұсыныс хатта сырттан әкелінетін автокөлікке алдын ала төленетін утилизациялық алым мен тіркеу құнының тым қымбаттығы айтылған. Сондай-ақ олар шетелден алып келген арзан көлік үшін екі есе салық төлеуге мәжбүр болып отырғандарын білдірген. Бұл ең алдымен көлік бағасының шарықтауына алып келіп отыр.

Мәселен, жоғарыдағы пікір иесі Нураддин Садықов Корея елінен 2 535 000 теңгеге сатып алған көлігін Қазақстанда рәсімдеу үшін тағы қосымша 1 373 000 теңге кеткенін айтады. 

«Кореядан 2 535 000 теңгеге келген менің кішкентай ғана, жылы жаңа көлігімді Қазақстанда рәсімдеу үшін тағы қосымша 1 373 000 тг төледім. Оның 797 000 теңгесі кеден, қаржы министрлігі секілді мемлекеттік органдарға төленген қаражат болса, қалған 580 000 теңгесі мемлекет қолдан лобби жасап отырған ЖЕКЕ компаниялардың есебіне кеткен қаражат. Тағы еске сала кетейін, бұл осы кішкентай ғана көлікті сол кездегі АЕК (МРП) көлемі 2525 тг болғанда кеткен қаражат. Ал, қазір АЕК 2917 тг яғни, қазір бұл алымдарға одан да көп сома кетеді», - дейді Нураддин Садықов.

Сондай-ақ тағы бір қоғам белсендісі Бекболат Қаржан Қазақстандағы «утильсборға» алынатын алымның Жапониядан 82 есе жоғары екенін жазған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары