$ 494.87  520.65  4.91

Александр Лукашенко Тоқаевқа ренжіп қалыпты

Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын.
Фото: оrda.kz
Фото: оrda.kz

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз ренішін білдірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оған себеп Тоқаевтың ЕАЭО-ға мүше елдерінің басшыларымен кездесуді кейінге қалдыруы себеп болды.
«Құрметті отырысқа қатысушылар, сіздерді көргеніме қуаныштымын. Көптен бері бір-бірімізді көре алмай жүрміз. Қазақстан бұрын қонақжай болатын, қонаққа шақыратын. Бірақ қазір оқшауланып, вакцинамыз жақсы, вакцинациялау жақсы жүргізіп жатыр деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі кездесе алмадық», – деді Лукашенко.

Оған ҚР Президенті жауап берді.

«Мен біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеулеріңізді сұраймын. Кеңесті онлайн өткізу туралы шешім консенсусомда қабылданды. Барлығыңыз бұл шешіммен келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларының денсаулығына алаңдағандықтан, жиынды онлайн түрде өткізіп отырмыз. Жағдайға жеңіл қарауға болмайды. Өйткені пандемия әлі біткен жоқ», – деді Тоқаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары