$ 499.51  525.83  4.62

Премьер-министр бағаның ең көп өсуіне жол берілген өңірлердің әкімдерінен бақылауды күшейтуді талап етті

Премьер-Министр Үкімет отырысы барысында әкімдерден әлеуметтік маңызы бар тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды деп жазады Pm.kz.

«Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керек», – деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі.

Б.Сағынтаев сондай-ақ бағаға әсер етудің заңды тетіктері мен құралдары қазіргі таңда бар болғанмен, олар ылғи да жұмыс істемейтінін баса айтты.

«Нәтижесінде қандай да бір өңірде азық-түліктің жекелеген түрлеріне үнемі бағаның күрт өсуі орын алады. Бұл жер-жерлердегі әкімдердің бақылауының әлсіздігін және бар тетіктерді толық пайдаланьайтындығын көрсетеді», – деп баса айтты Б. Сағынтаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары