$ 494.87  520.65  4.91

«Алматының бір әуежайында 150 адам бастық болып отыр» - журналист

Бір әуежайда осыншама бастық ұстаса, басқа жердегісін айтпай-ақ қояйық. Кім жұмыс істейді сонда?

Осыдан біраз бұрын аэропорттар холдингінде 15-ші орын алатын Халықаралық Алматы әуежайының ашық саудаға шығарылып, түрік компаниясына сатылғаны белгілі. Жасалған мәміле құны 415 миллион долларды құраған болатын. Енді осы әуежайға қатысты шу шығып жатқанға ұқсайды. Сатып алған түріктер компанияның кадр мәселесін қайта жасақтау барысында бір ғана әуежайда 150 бастық барын бары белгілі болған. Бүгінде түріктер бұлардың барлығын жұмыстан шығарып жатқанға ұқсайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Жолымбет Мәкіш өзінің facebook парақшасында жариялаған.

«Алматының бір әуежайын басқаруға 15 адам да жететін еді. Біздегілер он бес адаммен шектелмей, 150 адамды бастық қылып қойыпты онда. Аэропортты сатып алған түріктер солардың бәрін жұмыстан шығарып, кадрды қайта жасақтап жатыр деп естідім. Әуежай – мемлекеттің шағын ғана көшірмесі сияқты. Бір әуежайда осыншама бастық ұстаса, басқа жердегісін айтпай-ақ қояйық. Кім жұмыс істейді сонда? Бәрі тамыр-танысын, жора-жолдасын тартып, бұйрық беріп қана отыратын сияқты ғой. 17 миллиондай адам тұратын Стамбұлда 26 департамент бар екен. Қаланың басшысы, бас хатшысы мен жеті орынбасары солардың бәрін шашау шығармай ұстап, қаланы жап-жақсы басқарып отыр. Алматының бір өзіндегі басшылар мен қосшылардың бәрін қосып есептесек, бүкіл Түркиядағы бастықтың санынан асып кетеді-ау. Ал, дамып көр енді!», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол төрт-бес орынбасар ұстайтын әкімдерді сынға алған. 

«Бір әкім (ит ұстағандай) төрт-бес орынбасар ұстайды. Сосын бірдеме болса біріне бірі сілтеп, жауап беруден жалтарып кетіп жатады. Әдейі солай етіп істейді-ау деймін. Адам аз болса, жауапкершілік те аз адамның мойнына жүктеліп, біріне бірі сілтемей, жұмыс та уақытымен бітіп, жемқорлыққа да (орынбасарлары көп болса, туған-туыстары мен тамыр-таныстары да көп болады ғой) жол бермес едік қой деп ойлап қоямын...», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары