$ 494.87  520.65  4.91

Семейде автобус жүргізушілері тағы да наразылыққа шықты

Автобус жүргізушілері әкімдіктен тасымалдаушыға уәде еткен мемлекеттік субсидияны шұғыл түрде төлеуді талап етті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Семейде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты. Нәтижесінде қала тұрғындары қоғамдық көліксіз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Автобус жүргізушілері әкімдіктен тасымалдаушыға уәде еткен мемлекеттік субсидияны шұғыл түрде төлеуді талап етті.

"Бұл жұмысшыларға зейнетақы жарнасын аудару үшін жұмсалатын қаржы", - дейді ереуілшілер.

Жасыл автобус жүргізушілерінің бұл жолғы ереуілі аптаның ортасымен тұспа-тұс келді. Мұндағы мақсат – өздерінің көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілдеріне қоғам назарын аудару. Өйткені жергілікті әкімдік автопаркті 170 автобус сатып алуға алған несиесін өтемегені үшін банкрот деп жариялаған еді. Дегенмен, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын бұған қарамастан өз жұмысын жалғастыра берді.

Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар субсидия бөлінуін және зейнетақы жарнасының аударылуын талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Ал оның кесірі қарапайым қала тұрғындарына тиіп жатыр. 

“Міне, бағанадан бері жарты сағаттан артық аялдамада тұрдық. 9-автобус келіп, әйтеуір отырдық. Бірақ ол автобус жеткеннен кейін мына жерде де автобустар, халық шулап жатыр. Автобустар жүрмей жатыр - мұның себебі неде деп. Ана бір жасыл автобустар жүрді, оларды алып тастапты. Енді кішкене автобустар, бұрынғы автобустар жүріп жатыр. Оның өзі аз, кейбіреуі тоқтап қалады”, – дейді тұрғындар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары