$ 494.87  520.65  4.91

«Астана – Алаш Орда деп аталсын!»: Қоғам белсенділері жаңа бастама көтерді

Президентке қатысты да жаңа өзгерістер бар. Яғни, бір адам 5 жыл билікте отырады. Кейін сайлауға түсе алмайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Бүгін Қазақстан Конституциясының жобасын қоғам талқысына ұсындық. Ата Заңда Астананы Алаш Орда деп атау туралы ұсыныс, мемлекеттік тіл және басқа да мәселелер қарастырылған» деді қоғам белсендісі Жанболат Мамай.

Ата заңда: «Президенттің  отбасы  мүшелері мен оның жақын туыстарына  мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды, сондай-ақ,  мемлекеттің  қатысуы бар кәсіпорындарда басқарушы қызметке тағайындала алмайды», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі», «Ұлттық Құрылтай Қазақстан Республикасы билігіндегі жоғарғы заң шығарушы және өкілетті орган болып саналады», «Президент өзінің өкілеті мерзімі кезінде қамауға алынбайды, қылмыстық және әкімшілік қудалауға, тінтуге, жеке басын тінтуге түспейді  және тергеуге алынбайды» деген баптар бар.

«Бұл Ата заңда Қазақсанның түбегейлі өзгерісіне қатысты өзіміздің позициямызды, оймызды білдірдік. Бұл жоба күйінде. Елден халықта пікір күтеміз, бәрін жинаймыз, сараптаймыз» дейді Жанболат Мамай KzNews тілшісіне.

Қоғам белсендісінің айтуынша, жаңа Конституцияда елдің одақтық бірлестіктерге, конфедерацияларға мүше болмайтыны анық жазылған. Президентке қатысты да жаңа өзгерістер бар. Яғни, бір адам 5 жыл билікте отырады. Кейін сайлауға түсе алмайды.

«Міне, осындай өте өзекті мәселелерді қамтуға тырыстық, егерде қандайда бір саяси күш, адам билікті заңсыз басып алуға тырысатын болса онда халықтың жаппай бас көтеруіне рұқсат етіледі деген мәселені де осы Ата заңға енгіздік» дейді қоғам белсендісі.

Ертең билік өзгерген жағдайда қоғам белсенділер осы Ата заңның жобасын халыққа ұсынып, оны референдум арқылы енгізуге күш саламыз дейді Ж.Мамай.

Естеріңізге сала кетейік, 15 маусымда Алматының Әуезов аудандық №2 сотында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен саяси белсенді Жанболат Мамай арасындағы дауға қатысты сот шешімі оқылды.

Сот Жанболат Мамайды шенеунік жайлы шығарған фильмді өшіруге міндеттеді. Судья Байбекті жемқорлық жасады деп айыптаған фильмдегі мәліметтер шындыққа жанаспайды деп тапты. Осылайша Байбектің «ар-намыс пен беделге нұқсан келтіру» бойынша сотқа түсірген шағымы толық қанағаттандырылды.

kznews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Құжат #заң