Арнайы заң қабылданып, Мемлекет басшысының қолы қойылса да жер мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Жұрт әрбір сүйем жер үшін алаңға шығып, арнайы заң қабылдауды талап етіп аттандап жүргенде ебін тапқандар гектарлап жер алып, шетелдік инвесторларға сатып пайда тауып жүргенге ұқсайды. Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сөгеті ауылындағы «Жетісу Вольфрамы» мекемесіне тиесілі 795 гектар жердің бір қытайлық компанияның иелігіне өтіп кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Жер жанашырларының бұл жанайқайын белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Мұхтар Тайжан Facebook өзінің парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алматы облысының әкімдігі Акимат Алматинской области бұл мәлімет бойынша ресми түсініктеме беруі тиіс. Егер бұл ақпарат шын болса, мораторий кезінде шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлға а/ш арналған жерімізді былтыр жалға алып қалды! Бұл қалай болғаны? Жауап күтеміз!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Тайжан мырза бөліскен бұл ақпаратта Қытайлардың өндірісті сылтау етіп, «Жетісу Вольфрамы» өндіріс ошағының аумағындағы қыруар жерді алып жатқаны айтылған. Ең сорақасы, меншікке беру туралы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Сөгеті ауылының әкімінің қаулысы жерге қатысты мораторий кезінде жасалған.
«Қытайлар тіпті қытайдың үкіметі қазақ жеріне 56 зауытын салумен қатар қасиетті қазақ жерін оңды-солды өз меншіктеріне алып жатыр! Осыдан бұрын қытайлардың қолына өтіп кеткен жайылым жерлерімізге сұрау салатын,не үшін ол жерлердің тап мораторий кезінде қытай меншігіне өткендігін тергеп тексеретін қазақ бар болсаңыздар, мынаған назар аударыңыздар!
Қытайлар өндірісті сылтау етіп сол өндіріс ошағының аумағындағы қыруар қазақ жерін алып жатыр,енді осыны қадағалап,анықтап,осыдан бұрын беріліп қойған жерлерді ашық жариялап,қайтарып алуды талап етуіміз керек!
Мәселен қытай үкіметіне тиесілі мына ферма (Жетісу Вольфрамы ) 795 гектар жайылым жерімізді не үшін меншіктеп алды? Көп қазақ бұдан хабарсыз әлі күнге!
Орны: Еңбекшіқазақ ауданы, Сөгеті ауылы аумағындағы жерлер. Барып көріңіздер,өйткені қазақ жерінің иесі де,жоқтаушысы да,бұндай қиянатқа тоқтау салушыда ол қазақ ұлты!
Ең таңғаларлығы, бұл жайылым жерлер мораторий кезінде,яғни 2020 жылдың 19 ақпанында қытайлардың меншігіне өткен 10 жылға, ал ең сорақысы, бұл жерлерді алған қытайдың Цзянси өлкелік үкіметі екен!
Талап: бұдан кейін қазақ жері ешкімнің меншігіне берілмесін (қысқа мерзімге де ).
Ал осыдан бұрын жасырын беріліп кеткен жерлеріміз толық кері мемлекет меншігіне қайтарылсын !», - делінген Ақмарал Құнанбай есімді желі қолданушысы.