$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар ипотеканы бір күнде ала алады

Freedom Finance Bank толық цифрландырылған ипотеканы іске қосты, онда өтінімді қабылдаудан бастап несиенің өзін беруге дейінгі бүкіл процесс адамның қатысуынсыз өтеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстандықтар ипотеканы онлайн рәсідеп алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды LS.

Freedom Finance Bank толық цифрландырылған ипотеканы іске қосты, онда өтінімді қабылдаудан бастап несиенің өзін беруге дейінгі бүкіл процесс адамның қатысуынсыз өтеді. Бұл кез келген ұйымға, оның ішінде жылжымайтын мүлікті бағалау үшін бармай-ақ, бір тәуліктен аз уақыт ішінде қарыз алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, цифрлық ипотека 3 жылдан 15 жылға дейін беріледі, сыйақы мөлшерлемесі – 10,5%-дан 11%-ға дейін, бастапқы жарна 20%-дан басталады. Ең жоғарғы сомасы – 70 млн теңге.

Бұл несие әзірге тек Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына ғана қолжетімді. Тестілік режимде оны бір тәулік ішінде компанияның ішінде бірнеше ондаған адам ала алды, алайда қазақстандықтар үшін ресми старт 1 шілдеден басталады.

Әзірлеушілер бұл өнімді әлемдегі жалғыз деп атайды, өйткені қалған зерттелген аналогтар максимум 70% цифрландырылған. Адамның өзі үшін өтініш беру жеткілікті, ал сосын ол тұрғын үй оған рәсімделгені туралы СМС алады, ал ақша сатушының шотына автоматты түрде түседі.

"Бізде банк пайда болған кезде ипотека беруді қалай жеңілдетуге және қосымша байланыстарды алып тастауға болатынын түсінуге тырыстық. Қазақстанда бұл үшін бірегей мәселелер бар, олар үкімет пен бірқатар сервистердің ашықтығынан тұрады деген пікірге келдік. Бұл әлемнің көптеген елдерінде әлі күнге дейін онлайн аудару мүмкін емес бірқатар процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді", – деді Freedom Holding Corp директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

Ол бүгінде Қазақстанда ипотека беру үшін үлкен ресурстар жұмсалып жатқанын атап өтті. Осылайша, екінші деңгейдегі банктерге бұл үшін кемінде бір қызметкер қажет, оған жалақы төлеу және жұмыс орнын қамтамасыз ету қажет. Бірақ цифрландыру бұл ресурс пен шығындардың бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

"Осы күнi біз шот ашқан сәттен бастап, ХҚКО-да электрондық тіркеуге дейін, нотариуста жасалған мәмілені және кепілге қоюды аяқтай отырып, бүкіл бизнес-процесті цифрландыруға қол жеткіздік. Енді бүкіл процесс дереу жасалады, батырмаларды басу үшін бірде-бір тірі қызметкер қатыспайды", – деді Турлов.

Осыдан кейін ол Қазақстандағы тұрғын үй нарығы ең серпінді және маңызды нарық екенін айтты. Егер демография мен өмір сүру деңгейін ескеретін болсақ, онда әлі де үлкен тапшылық бар екенін түсінуге болады. Тұрғын үй саласының өзі елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі тұрғысынан айтарлықтай үлкен және ол үлкен мультипликативті әсерге ие.

"Біз адамдарға зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға пайдалануға мүмкіндік берілу кезеңiнiң  біртіндеп төмендеп келе жатқанын көріп отырмыз, өйткені қаражаттың едәуір бөлігі игерілген. Қазіргі уақытта нарыққа тұрақты даму бере алатын және қазақстандықтарды тұрғын үймен ұзақ мерзімді қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңа драйвер қажет", – деп есептейді ол.

Өз кезегінде Freedom Finance Bank директорлар кеңесі жанындағы кеңесші Айдос Жұмағұл цифрлық ипотеканың қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ айтып берді.

"Біздің өнімді жасай отырып, бүкіл әлемді талдадық. 10 озық елді таңдап, олардан ең цифрландырылған банктерді тауып оларды шақырдық. Олардың барлығында онлайн тек бастапқы кезең  –  өтінім беру, ал соңғы кезең  –  карточка арқылы ақша алу болып жатқаны анықталды. Барлық басқа процестер, шамамен 70% офлайн түрде. Сондықтан, біздің өнім тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең үздіктердің бірі деп сеніммен айта аламыз", – деп мәлімдеді ол.

Кеңесші ресімдеу кезінде банк клиенттерден бірде-бір құжат сұрамайтынын, өйткені процесс барынша қысқартылғанын қосты.

Ол үшін математикалық талдау негізінде жылжымайтын мүлікті бағалаудың өзіндік моделі жасалған. Бұл инфрақұрылымның дамуын, көлік объектілері мен таулардың жақындығын, орналасқан жерін және т.б. ескере отырып, тұрғын үйдің құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нотариустарға бәрін қашықтықтан жасап, дайын құжатты басып шығарып, мәмілені аяқтау үшін арнайы жеке кеңселер құрылған.

Жалпы, адамның ЖСН мен оның телефон нөмірі банкке құжаттардың үлкен пакетін жинамай, барлығын онлайн жасауға мүмкіндік береді, деп толықтырды Жұмағұл.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кез-келген адам үшін жылжымайтын мүлік сатып алу үлкен оқиға екенін және мемлекет үшін оның онлайн форматта өтуі маңызды екенін атап өтті.

"Біздің міндетіміз – ХҚКО-ға ағымды қысқарту. Бірақ тағы да онлайн-форматқа көшу кезінде біз сүрінбейтін бір терезе жасағымыз келмейді. Егер болашақта база дұрыс істемей қатып қалса, онда халықтан көп шағым түседi. Сондықтан, біз кез-келген банкке мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік берген кезде кросс-платформалық жолмен жүруіміз маңызды", – деді ол.

Бүгін, министрдің айтуынша, банктердің бірі мұндай қызметті алғаш рет жасап, мемлекет құрған инфрақұрылымдық шешімдерді пайдаланды.

"Біз барлық банк институттарын болашақта барлық ипотека мен тіркеу онлайн режимінде өтуі үшін осы қызметтерді тезірек пайдалануға шақырамыз", – деп түйіндеді ол.

Болашақта Freedom Finance Bank нарыққа цифрлық автонесиелеуді ұсынуды жоспарлап отырғанын айта кетейік, бұл өнім компанияда әзірлену үстiнде. Оны қазақстандықтар үшін барынша жылдам әрі қолжетімді ету жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы негізгі жұмыс қазір кепілді цифрландыруда.

Бұған дейін, Қазақстанда ипотека көрші елдерге қарағанда тиімдірек екені хабарланған болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда қарыздар сомасын ұлғайтуды және ипотекалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны азайту ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары