02.07.2021, 15:20

Қарағандының 75 ауылында жаңа әкім сайланатын болды

Фото: ашық дереккөзден
Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.

Қарағанды облысы бойынша 201 ауылдық округ болса, соның 75-інде әкім сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сайлау саяси салада өз шеберліктерін көрсеткісі келетіндерге мүмкіндік береді. Осындай белсенді азаматтар қатарынан кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларға да берілді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өңірлік филиалы тарапынан 5 кандидат ұсынылды. Әкімдер лауазымына үміткерлердің орташа жасы – 40 жас.

Қазір олар шаруа қожалықтарын, қоғамдық және спорттық ұйымдарды басқарады. Олар кезектен тыс конференцияда партия өкілдері мен делегаттар алдында таныстырылып, өздерінің қысқа бағдарламаларын жариялады. Конференцияда ауылды дамытудың тиімді тетіктері туралы мәселелер талқыланды. Филиалда жағдай мұқият талдаудан өтіп, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу әлеуеті бар ауылдық округтерде ғана кандидаттар ұсынғанын айтады. Жалпы саяси платформадан басқа әрбір үміткер нақты ауылды дамытудың жеке бағдарламаларын дайындайды.

«Ауыл әкімдеріне деген сенім зор. Біз бұл азаматтар сенімімізді ақтайды деп ойлаймыз. Ауылдастарымызға, ауылдастарымыздың өміріне, жалпы ауыл проблемаларына қатысты өзекті мәселелер көтеріледі. Бұл жолдарды жөндеу де, ауыз сумен қамтамасыз ету де, әрине, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту және жалпы ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу», - деп атап өтті «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚОФ төрағасы Серғазы Әдекенов.

Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін 9 және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.