$ 444.32  473.33  4.76

Талғат Татубаев жемқорлыққа қарсы бюроны басқаратын болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын бүгіннен бастап Талғат Татубаев басқаратын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлап отыр.

"Татубаев Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына басшы болып тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Ал, бұған дейін аталған агенттікке төраға болып Қайрат Қожамжаров тағайындалған еді.

Талғат Татубаев 1976 жылдың 9 қазанында Қарағандыда дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Бас тергеу комитетінің жоғарғы мектебін тәмамдаған. Үленген, екі қыз бен бір ұлдың әкесі. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінде жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары