$ 494.87  520.65  4.91

Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмысын жалғастырып жатыр

Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президентінің Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары