$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Жамбылдағы жарылысқа байланысты шұғыл жиналыс өткізді

Жиналыс туралы толық ақпаратты www.akorda.kz сайтында жарияланады

Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді деп жазды Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында. Жиналысқа бейнебайланыс арқылы  Тараз қаласынан Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысқан.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ, Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты.

Бұл шұғыл жиналыс туралы толық ақпаратты www.akorda.kz сайтында жарияланады".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев