Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында Тараздағы 9 адамның өмірін қиған жарылысқа қатысты пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, бұл қайғылы жағдайға да да елдегі шектен шыққан жемқорлық себеп болған. Министрді ауыстырғаннан ештеңе шықпайды.
«Генерал Ермекбаев!
Отставкіге жәй кетпей бүкіл тендер ұтқан генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетіңіз!
Ел білу керек еліміздегі жемқор батырларды!
Мың министр ауысса да, бәрібір нәтиже болмайды!
Себебі әскери қорғанысты жемқорлық жаулап емес, ұя салып торлап алған!
Кез келген елді басып алу үшін ең бірінші қару-жарақ қоймасын өртейтінін тарихтан білеміз.
Арыстағы қойма жарылғанда Ермекбаев “бүкіл ауыл аймаққа жақын қоймалар көшіріледі және тексеріліп қатаң бақылауда болады” деп уәде берген еді.
Халықтың көбісі біле бермейтін шығар әскерге миллиардтаған емес триллиондаған ақша бөлінетінін.
Қару жарақ қауіпсіздігіне бөлінген қаржылар тендер арқылы ойнатылып, өртті алдын алатын құрғылардың арзаны орнатылып нәтижесінде тұтанған затты сезбей жарылыс болатынын бірі білсе, бірі білмес. Арыстағы жарылыстан соң сабақ алмадық, мемлекетіміздің қорғанысы саласында тендерді алып тастау керек!
Әскери саладағы көптеген жемқорлықпен таныспын! Әскерилердің тамағы, тіпті тегін берілетін киімдері, пәтерақыларына дейін жемқорлық жайлаған!
Барлығы тендермен ойнатылады, тендерді ұтатындар сол шенеуніктердің туысқаны. Әскери сарбаздар быламақ жеп жатса да оларға бәрібір. Көп дүние жазуға, ашынып тұрып айтуға болар еді. Қорғаныс саласы еліміздің қауіпсіздігіне қатысты болған соң осымен тоқтайын!
Бізді шет ел тыңшылары да оқып отыратынын ұмытпауымыз керек!
Әсіресе әскери қорғанысқа қатысты видео мен суреттер таратар кезде мемлекетіміздің қауіпсіздігін ойлаңыздар!
Бізге талибандар келіп әуре болмай ақ қойса болады, іштегі жемқор талибандар жетіп жатыр!
Ал Генерал Ермекбаев мырзаға айтарым нағыз елін сүйетін офицер болса, бүкіл жемқорлардың тізімін ел алдына шығармасаңыз да, Президентке ашып айтып кетіңіз!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.