Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қай шенеуніктер қызметінен кетуі керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы алда көптеген міндет тұрғанын айтты. Сондықтан халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық таныту керегін түсіндірді. Сондай-ақ, ол әрбір шешім елдің сұранысын, мемлекеттің мүмкіндігін ескере отырып қабылдануы тиіс екені атап өтті.
«Кез келген кедергіні еңсеріп, қиындықты жеңуге дайынбыз. Мен мемлекет басшысы ретінде халық үшін барлық күш жігерімді жұмсай беремін. Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіс. Әйтпесе кеш қалуымыз мүмкін. Дүние жүзіндегі ахуал құбылмалы.
Мемлекет басшысының бағытына күмәнданатындар, міндетін атқара алмай отырғандар, мүмкін жай қызметте уақыт өткізгісі келетіндер, Президенттің тапсырмасын орындаудан жалтаратындар, менің ойымша, қызметінен кетуі керек. Қазір біз дамудың шешуші кезеңіне аяқ бастық», - деді Президент.