Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шегінен асатын жинақты «Отбасы» банкіне аударуға рұқсат беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша бастаманың оң әсерін бұған дейін атап өткен едім. Ол адамдарды жұмыс берушіден төлемді «әділ» беруін талап етуге итермеледі. Бұл тенденцияны қолдау үшін мұнан ары баспана сатып алу үшін «Отбасы» банкіндегі есепшотқа зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аударуға рұқсат беру қажет. Бұл да ақша жинау дағдысын ынталандыруға және оны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.