Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, Жолдауда еліміздегі түйінді әлеуметтік мәселелерді шешудің, экономиканы сапалы өсірудің тың жолдары анықталды.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққы Жолдауын жасады.
Күтілгендей, Жолдауда еліміздегі түйінді әлеуметтік мәселелерді шешудің, экономиканы сапалы өсірудің тың жолдары анықталды.
Елімізде саяси реформалар іс-жүзіне асырыла береді.
1. Ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталғаннан кейін, 2024 жылы аудан /пилоттық жағдайда/ әкімдерінің сайлауы өтеді.
1.1. Әйелдер мен жастарға арналған 30- пайыздық квотаны депутаттық мандаттарды бөлген кезде сақтау заң бойынша талап етіледі.
1.2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға партиялық квота белгілеу айтылды.
Бұл өте өзекті мәселе!
Осы проблеманы көптеген азаматтар көтерген болатын.
Яғни, саяси реформалар өзінің жалғасын табады деген сөз!
Мемлекеттік тіл жөнінде де тұшымды ойлар айтылды.
Қазақстанда жалғыз ғана мемлекеттік тіл Қазақ тілі!
Мемлекеттік тілді біліп, меңгеру әр-бір қазақстандықтың парызы және міндеті!
Мемлекет қазақ тілінің қолдану аясын арттыруды жалғастыра беретін болады.
Бұл қадамдар диалог пен келісім режимінде іс-жүзіне асырылуы тиіс.
Бұл Жолдауды пандемия жағдайында халқымыздың әлеуметтік жағдайын тұрақты ұстап тұрып, жақсартудың күр жолы деуге болады.
Менің ойымша, Жолдаудың керемет жерінің бірі, ең төменгі жалақының мөлшерінің артуы.
2. Eң төменгі жалақы 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап 60 мың теңгеге өседі!
Бұл шара халқымыздың 2 - млн азаматының өмір стандартының өсуіне алып келеді.
3. Мәдениет қызметкерлері, мұрағат саласы, кітапханашылардың жалақысы 2025 жылға дейін жылына 20 пайызға өсетін болады.
Әкімшілік қызметкерлердің жалақысы арттыру өте маңызды. Өйткені, мелмекеттік қызметкерлердің жалақысы артқанда бұл кісілер әрқашан кенже қалып отырды.
Енді осы күнге де жеттік, әкімшілік қызметкерлердің жалақысы өсетін болды. Өте дұрыс)!
4. Елімізде 6,5 млн адам жалдамалы қызметкерлер болып табылады.
Осы азаматтардың жалақысын жүйелі түрде арттыру үшін бизнеске стимулдар жасалатын болады.
Бұл да еліміздің халқының әлеуметтік стандарттарын арттырып, дамыту үшін үлкен, қомақы қадам болып табылады.
Басты мәселе, саяси плюрализм, қоғамдық реформалар салмақты-салиқалы түрде, ыждаһатты, эвролюциялық түрде жүруі керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік әділеттілік принциптері ең басты принцип және бағыт екендігін тағы айқындап берді!", - дейді Ерлан Сайыров.