$ 494.87  520.65  4.91

«Зауытбектің қызметін Ауытбек атқарып жүр» - Дәурен Қуат

Қытайдағы қазақтардың ахуалын жақсы білетін Ауыт қазір Ауғандағы ағайынның да жанашыры, қамқоры болып отыр.

Зауытбектің қызметін Ауытбек атқарып жүр

Жадымнан жаңылмасам, Зауытбек Тұрысбеков дейтін көкеңіз - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшысы. Аталған қауымдастықта төрағаның орынбасары.

Алыстағы ағайын бұл қауымдастықты кәдімгідей қара тұтады, пана көреді. «Біздің жағдайымызды түсініп, мәселемізді осы қауымдастық шешеді» деп біледі. Бірақ, шамалауымша, Зәукеңнің бұл жұмысқа аса зауқы жоқ сияқты. Әкім болған, Ресейде елші болған, өзге де шенді-шекпенді лауазымды қызметтерді атқарған З.Т.- ға қайдағы бір қазақтардың қауымдастығы дейтін қызмет көңіліне олқа соғатын сияқты. 

Таяуда тәліптер ресми Кабул билігін қолға алғанда, бәріміз Ауғандағы қазақтарды елге көшіріп алуды айтып, айқай салдық. Біздің айқайымызға Зәукең де қосылатын шығар деп үміттендік. Жоқ, Зәукең үндемеді. Үндемей қимылдап, үлкен істер тындырып жүрсе, онда ғафу өтінеміз.

Есесіне осы Зәукеңнің – Заутбектің қызметін бұл күндері Ауытбек атқарып жүр. Ауыт Мұқибек. Қытайдағы қазақтардың ахуалын жақсы білетін Ауыт қазір Ауғандағы ағайынның да жанашыры, қамқоры болып отыр. Ауғандағы ағайын Қазақстанда Ауытты біледі, Ауыттың қолындағы ұялы телефонның нөмірін біледі. Ауытқа күн құрғатпай Ауғаннан қоңырау шалатын қазақ көбейген. Соның бәрімен байланысқа шығып, жәрдем жасап, жанұшырып жүрген Ауытбекті Зауытбектің орнына қойып жіберсе болмас па екен? Қалай ойлайсыздар?

Дәурен Қуаттың facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары