$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Қалжыр өзеніне қатысты министрге тапсырма берді

Президент кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланды. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін белгілі журналист Мақсат Толықбай Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауылының тұрғындары май араласқан лай суды тұтынып отырғанын айтып, Күршім өзенінің қазіргі жағдайын көрсетіп, жергілікті жұрттың жанайқайын жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары