$ 498.34  519.72  4.85

Президент кеңесшісіне қастандық жасалды

Сондай-ақ, ІІМ оқиға туралы кез келген ақпараты бар адамдардан полицияға хабарлауды сұрайды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бүгін, 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Страна.ua интернет-газетіне сілтеме жасап.

"Шефирге оқ атылды. Жүргізушіні үш жерінен атқан. Қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Сергей Шефирдің өзі тірі, жарақат алған жоқ", - деп жазды "Страна.ua" басылымы.

РИА Новости мәліметінше, Украинаның Ішкі істер министрлігі ел президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі Киев маңында атылғанын растаған.

"Бүгін сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-де) Лесники ауылының маңында президенттің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі атылды. Көлікке 10-нан аса оқ тиді. Жүргізуші жарақат алды", - делінген ІІМ-нің Facebook-тегі хабарламасында.

Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, қастандық жасағандарды іздеу бойынша арнайы полиция операциясы жүргізілу үстінде. Сондай-ақ, ІІМ оқиға туралы кез келген ақпараты бар адамдардан полицияға хабарлауды сұрайды.

Еске салайық, қазіргі уақытта президент Зеленский АҚШ-та. Ол БҰҰ-ның 76-шы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Президент