Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.
ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:
2009-2010 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;
2010-2011 жж. – ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
2011-2014 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты" ЕЖШС Ғарыштық технологияларды ақпараттық-оқытушылық қамтамасыз ету басқарма басшысының орынбасары;
2014-2016 жж. – "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;
2016-2019 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.
2019-2021 жж. – "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі.
2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.
Айдын Айымбетов - ҚР ұшқыш-ғарышкері, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Отан" ордені.