$ 494.87  520.65  4.91

«Еңсесі түсіп, тозығы жеткен күркеге айналды»: белгілі жазушы Ұлттық кітапханадағы былықтың бетін ашты

Жалпы кітапхана қорына қол сұғу дәстүрге айналып кеткен сияқты. Жақсылықтың нышаны емес...

Киелінің кілті кімде ?

Елорданың еңселі рухани ордасы Ұлттық Кітапхана еді. Бұл күнде еңсесі түсіп, тозығы жеткен күркеге айналды. Жас ғалым Yeldos Toktarbay ұлт руханиятын аяқ асты етіп отырған кітапхананың қазіргі жағдайы сын көтермей отырғанын айтыпты. Рас!!! Әкім Тарази жеке қорындағы кітапханасын Ұлттық Кітапханаға сыйға тарту еткен еді. Ақыры құнды кітаптары қолды болды. Абайдың екі томдығына өз қолымен жазған жазбалары, ойлары бар еді, таппай қалдық. Осы күнге дейін өкінеміз... Ақыры Үмітхан Мұңалбаева жоғалған кітаптың орнына Абайдың басқа кітабымен алмастыра салды.

Сылдырлаған құр сөз бен желдей ескен өтірік амалға қалай алданып қалдық екен... Мұндай келеңсіз жағдайдың орын алатынын білгенде өмірбақи жинаған кітаптарды тарту етпейтін де едік. Алақандай мың кітапқа ие бола алмаған кітапхана қорындағы миллионнан асатын кітаптарға қалай ие болып отыр? Жалпы кітапхана қорына қол сұғу дәстүрге айналып кеткен сияқты. Жақсылықтың нышаны емес...

Мемлекет басшысы жас ұрпақты кітап оқуға ұмтылдыру, қызықтыру керектігіне аса көңіл бөліп отыр. Тіпті шет елдегі мемлекеттің имиджіне бөлінетін қаражаттың қалтаға түсіп кетіп жатқаны да айтылып, қатаң тиым салынған. Мемлекет қаражатына кітап қорын толтырудың орнына әр елге барып, үлкен қаражаттарды шашқанда не тапты? Мұндайды атам қазақ: " Бассыз үйдің иті осырақ" деген. Yeldos Toktarbai бастаған жастардың жаны жалаулап, руханиятқа араша тілепті. Адамзат үшін КІТАПтан асқан киелі дүние жоқ! Киелінің кілті кімде болуы керек?.. Әлбетте, ғұлама мен ғалымның қолында болса ҰЛТҚА қызмет етпек!

Роза Мұқанованың facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары