$ 448.15  483.46  4.86

Тоқаев Жапонияның Премьер-министріне жеделхат жолдады

Жеделхатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишиданы Жапонияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кишидаға жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.    

Жеделхатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишиданы Жапонияның Премьер-министрі лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаған.

«Жапонияның баянды өркендеуін жалғастыруға, еліңіздің дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеруді асыл мақсат тұтып, сан қырлы салалардағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын», – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фумио Кишидаға қажымас қайрат, аса жауапты қызметте лайым сәттілік, ал достас жапон халқына құт-береке тілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары