$ 448.89  477.93  4.76

Сағынтаев MOST IT hub Almaty бизнес-инкубаторы мен акселераторының құрылыс барысымен танысты

Аталмыш жоба бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-инкубатор орналасатын ғимараттағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жалпы ауданы 3 мың ш.м. болатын Ходжанов көшесі, 2/2 ғимаратында кәсіпкерлерге арналған үй-жай дайындалуда. 430 жұмыс орнын құру жоспарлануда», - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Instagram аккаунтында.

MOST IT Hub Almaty кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін біріктіріп, бизнес-идеяларды іске асырудың заманауи алаңына айналмақ.

Стартаперлер үшін идеядан венчурлік инвестицияларға дейінгі жобаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолайлы экожүйе құрылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары