$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев қала тірлігіне белсенділік танытқан тұрғындарға алғыс айтты

Шеткі аумақтарда бос әрі қараусыз қалған учаскелерде балалардың ойын және спорт кешендерін орнатудамыз. Бұл "Бюджетке қатысу" жобасына қатысып, белсенділік танытқан қала тұрғындарының арқасы.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram парақшасында қаланың орталық аудандарында бұрыннан бар сквер мен алаңдары мен шеткі аумақтарда бос әрі қараусыз қалған учаскелердің қалай игеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімнің айтуынша, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру бойынша кешенді жұмыстар қарқынды деңгейде жүргізіліп жатыр.

«Қаланың орталық аудандарында бұрыннан бар сквер мен алаңдарды жөндеп, ретке келтірсек, шеткі аумақтарда бос әрі қараусыз қалған учаскелерде балалардың ойын және спорт кешендерін орнатудамыз. Бұл "Бюджетке қатысу" жобасына қатысып, белсенділік танытқан қала тұрғындарының арқасы.

Мысалы, биыл Наурызбай ауданында осындай 32, Алатау ауданында – 31, Түрксібте – 18 алаң орнатылады. Әуезов ауданында – 21, Жетісуда – 18, Медеу мен Бостандық аудандарында 8 жоба жүзеге асырылуда. Алмалы ауданында бос жатқан 5 учаске абаттандырылып, иттерді серуендетуге арналған 3 алаң ұйымдастырылды.

Балалар мен жасөспірімдердің еркін ойнап, аға буын өкілдерінің тыныш әрі жайлы демалысына жайлы орынды шағын учаскелердің тұрғындары өздері таңдайды. Сондықтан мұндай аймақтардың қадамдық қолжетімділігі маңызды. Айта кетейік, барлық аудандарда күрес, бокс, футбол үйірмелері ашылады», - деп атап өткен өзінің instagram парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары