$ 494.87  520.65  4.91

1 топ мүгедегі: «Биліктен қайыр болмаған соң Байден мен Ердоғаннан көмек сұрап хат жаздым»

Бала кезден аяғы ауыратын Зәуре Өксімбаеваға 1-топ мүгедегі анықтамасы өмір бойына берілген.

Қызылорда қаласының тұрғыны, өмір бойына арбаға таңылған Зәуре Өксімбаева жергілікті билікке бірнеше мәселені көтерген. Алайда ол құзырлы мекемелерден қанағаттанарлық жауап ала алмай отырғанын айтып дабыл қағады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бала кезден аяғы ауыратын Зәуре Өксімбаеваға 1-топ мүгедегі анықтамасы өмір бойына берілген. Дәрігердің шешімі бойынша, ақыл-есі дұрыс, жұмыс істеуге қабілетті. Заңгер, журналистика мамандығын грант негізінде оқыған. Алайда қос дипломы болғанымен, оны ешқандай жер жұмысқа алмай отырғанын айтып қынжылды.

Облыстағы мүгедектер қоғамында жұмыс істегім келеді. Өзім сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға заң бойынша кеңес, бағыт-бағдар бергім келеді. Бірақ бұл арман боп қала бермек, - деді Зәуре Өксімбаева.

Оның айтуынша, біріншіден, мекемелерде арбада отыратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус талапқа сай орнатылмаған. Екіншіден, жұмысты 3-4 сағат ғана істеп табыс тапсам, ол жолыма кеткен шығынымнан артылмайды дейді.
Бізде инватакси аз. Сондықтан, жұмысқа такси шақырып, өз қалтамнан ақша төлеуім керек. Оған жағдайым жетпейді. Себебі, мүгедектікке байланысты ай сайын алатын 65 000 теңге жәрдемақының 52 000 теңгесін ипотекалық кредитке алған үйге төлеймін, - деді Зәуре Өксімбаева.
Express Qazaqstan тілшісі "Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділлаевқа хабарласып, мән-жайды сұраған болатын. Бірлестік төрағасының мәліметінше, қала бойынша инватакси қызметін 300-ге жуық адам алып жүр. Оның 200-і арбада отыратындар болса, 100-ге жуығы балалар. Оларға қызмет көрсететін 5 инватаксидің 3-еуін демеушілер сыйлаған.
Қыркүйекте бойынша инвотаксиге 579 шақырту түскен. Оны 56 мүгедек пайдаланған. Ал жұмыс істейтін 40-қа жуық мүгедекті шақырусыз-ақ күнделікті тасымалдап жүрміз. Біз "Қызылорда" автобус паркі" ЖШС-не ұсыныс тастадық, - дейді бірлестік төрағасы Мұрат Жұмаділлаев.
Оның айтуынша, автобус паркі қоғамдық көлік сатып алатын кезде мүгедектерге де көлік тапсырыс берсе тиімдірек болады. Өйткені бір автобустың ақшасына мүгедектерді тасымалдауға болатын үш газель немесе екі шетел көлігін сатып алуға болады дейді.
Сондай-ақ Зәуре Өксімбаева ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысы бойынша, мүгедектерге жылына берілетін бірреттік қаржылай көмекті алмағанын айтты.
Егер көмек берілсе, тегін дәрілер тізбесінде жоқ дәрілерді алуға немесе жеке көмекшінің шығынына аударылады екен. Атырау, Ақтау, Семей, Павлодар сияқты облыстарда жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп жатыр. Ал бізде баяғы жартас — сол жартас, дым жоқ, - дейді 1-топ мүгедегі Зәуре Өксімбаева.
Бұл туралы ол облыс әкімдігіне, қала әкімдігіне, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне электронды хат жолдаған. Нәтижесінде барлығынан "қаржы қарастырылмағаны" туралы жауап алған.
Жергілікті билікке осы мәселелерімді айтып электронды түрде хат жолдағанмын. Бірақ қанағаттанарлық жауап ала алмадым. Біздің биліктен қайыр болмаған соң, Байден, Путин, Ердоғанға хат жаздым, - деп күрсінді Зәуре Өксімбаева.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары