Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыстың қорытындысын шығару үшін жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жұртшылықпен кездесуде Бас Прокурор жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі бағыттары туралы тағы бір рет еске салды, олар өңір халқы өмірінің түрлі салаларында азаматтардың проблемаларын шешуді көздейді. Бұл маңызды және толғандыратын мәселелер бойынша халыққа әлеуметтік, қаржылық, медициналық, идеологиялық және маңызды, толғандыратын мәселелер бойынша басқадай көмек көрсету.
Ж.Асанов, мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс істеуінің жаңа форматының ерекше маңыздылығын атап өтіп, жинақталған оң тәжірибенің осындай кешенді тәсілін республиканың басқа аймақтарына енгізу үшін негіз болатынын айтты.
Бас Прокурор топ қызметінің алғашқы және өте маңызды нәтижелерімен бөлісті.
Тек бір айдың ішінде, ведомствоаралық жұмыс тобы бұрын айтылған жеті бағыт бойынша жұмыс істеп, 2,6 мыңнан астам іс-шара өткізді, онда аймақтың әрбір 6-шы тұрғынын мемлекет қамқорлығымен қамтуға қол жеткізілді. Бұл ретте, балаларға, әйелдерге, зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сотталғандарға, радикализм жолын ұстанушыларға ерекше көңіл бөлінді.
Түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде жұмыс тобының мүшелері ауруханаларға, мектептерге, ЖОО-ларға, мешіттерге, кәсіпорындарға, әскери қызметшілерге, полицейлерге барды. Барлық дерлік сала бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді – жұмысқа орналасу, несие, субсидия, жәрдемақы алу, білім, медицина бойынша түсінік берді. Дін саласындағы мәселелерге ерекше көңіл бөлініп, жас ұрпаққа террористердің психологиялық айлалары мен өз қатарларына тарту әдістері туралы айтты, 700-дан астам мұғалімдер мен тренерлер радикализм жолына түскендерді анықтау жөніндегі жұмысқа даярланды. Жекелеген дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушыларымен сұхбаттар жүргізілді және олардың кейбіреулерін алған бағытының теріс жол екендігіне сендіруге қол жеткізілді.
Бизнесті дамыту жөніндегі жұмыс айтарлықтай жеміс берді, бұл бағытта негізінен ауыл жастары қамтылды. 108 әкім оқытылып, оларға халықпен қалай жұмыс істеу керектігі үйретілді, 850 бизнес-идеямен қамтылды. Мыңнан астам адамға өз бизнесін ұйымдастыру және жүргізу бойынша білім берілді. 4 млрд. теңгеден астам сомаға 227-ге жуық жоба қаралуда. Ақтөбедегі «Даму» қоры жаңа бастаушы бизнесмендерге несие берді. Жалпы, даму институттары 125 жоба үшін 3,1 млрд. теңгеге несие берді.
Әлеуметтік қолдаумен 46 мың адам қамтылды. Мүгедектер мен көп балалы отбасылар нақты көмек алды. Республикада алғаш рет Ақтөбе
қаласында ауыл әкімдері үшін деректер базасы іске қосылды, онда мемлекеттік көмекке мұқтаж әрбір тұрғын туралы ақпарат қамтылған.
14 899 мектеп оқушысы профилактикалық тексеруден өтті. Астана және Алматы қалалары ғылыми орталықтары мен клиникаларының жетекші дәрігерлері медициналық тексеру жүргізіп, мастер-кластар өткізді, олар 9,6 мың адамды тексерді, 1008 тұрғынға көмек көрсетті, олардың ішінде 301-ін республикалық орталықтарға жіберді, 707 пациентті бірден сол жерде емдеді.
Мысалы, көпшілікке танымал нейрохирург, профессор Серік Ақшолақов бас миының күрелі диагноздары бар 12 пациентті тексерді. Алматы қ. Кардиология ҒЗИ директоры профессор Сәлім Беркінбаев Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігерлері үшін кардиологиядан мастер-кластар өткізді. Профессор Сәуле Әбсейітова 40 пациентке консультация берді, екі аудандық ауруханада өткір миокард инфарктісіне диагноз қою және емдеу бойынша сабақ жүргізді.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аз уақыт ішінде 123 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Ал 153 кәсіпорын басшыларымен өткен нәтижелі кездесу 9 млн. теңге сомасына 232 жұмысшының еңбекақы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Дін басылар желісі бойынша мешіттердің жұмысын жақсартуға, имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған 149 іс-шара өткізілді.
Ақпараттық жұмыс антитеррористік тақырып бойынша арнайы жобаларды, әлеуметтік бейнероликтерді трансляциялау арқылы барлық республикалық БАҚ-тар бойынша жүргізілді.
Объектілерді қорғау жүйелерін тексеру, азаматтарды, құқық қорғау құрылымдарын, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шиеленісті жағдайларда, әсіресе террористік қауіптер кезінде әрекет ету және хабарлау бойынша оқыту жөніндегі 199 ауқымды іс-шара жүргізілді. Бұған теракт қаупі кезінде өзін ұстаудың бірінші кезектегі қағидалары туралы тақырыптық көрнекі буклеттер көмек болды.
Сөзін қорытындылай келе, Ж.Асанов аймақ тұрғындарының қордаланған мәселелерін шешуде жемісті жұмыс істегені үшін Жобаның барлық қатысушыларына алғыс білдірді, одан әрі жетістіктер тіледі және бұл бірегей тәжірибе орталық меморгандардың, қаржылық даму институттарының, жергілікті биліктің, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылатын болады деп атап өтті.
Сондай-ақ сапар аясында Жақып Асанов Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болды, онда аудан жұртшылығымен, тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен және жұмысшы жастарымен кездесу өткізді.