$ 443.85  474.3  4.8

«Түркияда түркітілдес елдердің басшылары жиналып мықты Одақ құрмақшы» - Мұхтар Тайжан

Бұндай Одақ бүгінгі таңда бәрімізге ауадай қажет.

Стамбул қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті күллі түркі жұртын жағымды жаңалықпен қуантуы мүмкін. Нақты айтар болсақ, бұл жиында көптен бері айтылып жүрген түркі жұртының одағын құру жобасы ресми түрде жария етілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан facebook парақшасында жазды.

"Бүгін өте жауапты күн. Түркияда түркітілдес елдердің басшылары жиналып мықты Одақ құрмақшы. Бәріміз бір көне Түрік атадан тараған ұрпақпыз. Бұндай Одақ тек Ата Түрік Мұстафа атамыздың емес, Моде, Бомын, Күлтегін, Қорқыт бабаларымыздың арманы болды деп сенем. Бұндай Одақ бүгінгі таңда бәрімізге ауадай қажет.

Білге қаған, 8 ғ.:
"Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым,
Қызыл қанымды жүгірттім, қара терімді төктім, бәрі сенің қамы үшін, қымбатты Түркі халқым".
13 ғасыр бұрын айтылған сөздер бүгінгі түркітілдес басшылардың ұраны болуы тиіс", - деп жазған ол өзінің өзінің facebook парақшасында.

11-12 қараша аралығында өтетін бұл шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары