Саясат 11.11.2021 сағат 13:00

Мусин «Сбермен меморандумның күші жойылды» деген сыбысты жоққа шығарды

Меморандум аясында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мусин «Сбермен меморандумның күші жойылды» деген сыбысты жоққа шығарды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

11 қарашада журналистер сұрағына жауап берген Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ресейлік "Сбермен меморандумның күші жойылды" деген сыбысты растамады. Ол тек жобаны жүзеге асыру кезінде қазақстандық мамандардың рөлі артатынын жеткізді, деп жазады Азаттық.

"Меморандум аясында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр" деді министр.

"Цифрландыру жобасы" бойынша құрылған сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан бір күн бұрын Facebook парақшасында ресейлік "Сбербанк Қазақстанды цифрландырумен айналыспайды, енді онымен тек қазақстандық ІТ мамандар ғана айналысады, үкімет ұстанымын түбегейлі өзгертті" деп жазған еді. Бұл қоғамда Қазақстан ресейлік "Сбермен жасасқан меморандумның күшін жойды" деген сыбыстың таралуына түрткі болған.

Бейсенбі күні Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сарапшылар кеңесінде айтылған жайттарға тоқталды. Оның айтуынша, цифрландыру бойынша "үш мәселе халықты наразы еткен": 1) цифрландыру жобасына қазақстандық ІТ мамандардың аз тартылуы; 2) қазақстандықтардың жеке деректері шетелдік мамандарға беріледі деген болжам; 3) Қазақстанның цифрландыруы жоғары деңгейде болса да, оны басқа платформаға ауыстырудың не қажеті бар деген сұрақ.

Министрдің айтуынша, Қазақстан меморандумда көрсетілгендей цифрландыру үшін ресейлік Сбер платформасын сатып алады. Ресейлік "Сбер" технологиямен жабдықтаушы компания ретінде қазақстандық мамандарды платформада жұмыс істеуге үйретіп, ашық кодпен қамтамасыз етеді. Ал қазақстандық мамандар осы кодтарды пайдаланады, ел аумағында серверлік орталықтар құрады. Қазақстандықтардың деректері осы орталықтарда сақталады. Осылайша министр "цифрландырумен тек қазақстандық мамандар айналысады" деп сендіруге тырысты.

- Осы плафтормалық модельге көшуге жобалап айтқанда 500 млн доллар жұмсалады. Қазақстандық мамандар осы жобаның ең маңызды бөлігімен айналысады. Сол себепті барлық қаражат "Сберге" жұмсалады деп айтуға болмайды. Қомақты қаражат қазақстандық ІТ компанияларға жұмсалады. Платорфмалық модельге көшу бойынша қажетті инфрақұрылым, серверлік орталық Қазақстанда қалады. Ол ешқайда кетпейді, - деді министр.

Биыл 3 қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбер компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық үкіметіне арналған платформа құру жөнінде меморандумға қол қойған.

Бұл меморандум Қазақстан қоғамында түрлі пікір туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары, арасында IT-қауымдастық өкілдері де бар, жоба елдің тәуелсіздігіне қауіп төндіретінін алға тартып, платформаны отандық немесе батыс компанияларына неліктен сеніп тапсырмады деген сұрақ қойған.

Қоғам күдігін сейілту мақсатында министрлік бұған дейін қазақстандық ІТ мамандарынан құралған сарапшылар кеңесі құрылатынын, мәселе олармен бірге талқыланатынын айтқан. 9 қарашада алғашқы отырысы өткен.

Министр Бағдат Мусин Сбер платформасы Қазақстанға "ең қолайлы жүйе" және "ҰҚК талаптарына сәйкес келеді" деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар