$ 540  630.72  6.72

Байден Тоқаевты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

Қазақстанның Орталық Азия мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

АҚШ президенті Джозеф Байден Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміз тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Қазақстанның Орталық Азия мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын", - деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірінше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша "Қазақстанның орасан зор күш-жігерін" жоғары бағалады.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті", - деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары