$ 498.34  519.72  4.85

Түркістанда әкесінің көлігін ұрлап мінген жасөспірім жол апатына ұшырады

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 желтоқсан күні болған.

Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған жасөспірім әкесінің автокөлігін ұрлап, Қазығұрт ауданына жолға шыққан. Соның салдарынан кәмелет жасына жетпеген бала жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 желтоқсан күні болған.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазығұрт АПБ патрульдік полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған бала жүргізіп бара жатқан «ВАЗ-21214» маркалы автокөлікті байқаған.

Полицейлердің тоқтау туралы пәрменіне бала бағыбаған. Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кетіп, қарсы бағытта келе жатқан көліктерді басып озып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Полиция жол ережесін бұзушыға көлікті дереу тоқтатуды бұйырған. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашып кетіп, көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатып, темір қоршауға соғысып, салдарынан жол-көлік оқиғасы болды», - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім Қазығұрт аудандық ауруханасына дене жарақатымен жеткізілді.

Тексеру барысында рулінде бала отырған «ВАЗ-21214» маркалы автокөлік Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екені анықталды. Көлікті жасөспірімнің әкесі жұмысының маңындағы тұраққа қойған. Бірақ баласы көлікті рұқсатсыз ұрлап кеткен.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары