$ 494.87  520.65  4.91

Ауыр атлетика: Әлем чемпионатында ел қоржынына қанша медаль түсті

Қазақстаннан бес ауыр атлет қатысты.
Фото: olimpic.kz
Фото: olimpic.kz

Ташкентте 7-17 желтоқсан аралығында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz мәліметінше, оған Қазақстаннан бес ауыр атлет қатысты.

Қазақстан құрамасынан әлем біріншілігінде бес спортшы өнер көрсетті: Арли Чонтей, Нұрғиса Әділетұлы (96 келіге дейін), Артем Антропов (96 келіге дейін), Карина Құзғанбаева (81 келіге дейін) және Айзада Мүптілдә (87 келіден астам).

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бір алтын медальға ие болды. Оны 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арли Чонтей жеңіп алды. Чонтей жарыстың алғашқы күнінде бақ сынаған. Ол 260 келіні (118 келі — серпе көтеру, 142 келі — жұлқа көтеру) бағындырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары