$ 444.22  476.38  4.82

Қарсыласын көз арбасуда итерген Қуат Хамитов жеңіліп қалды

Жарақат алған Хамитов аталмыш айқасты жалғастыра алмады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

ММА шебері Қуат "Найман" Хамитов отандасы Нұрберген Шәріповке жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қос алыптың белдесуі Mergen Fightning Championship турнирінде грэпплинг ережесі бойынша өткенін айта кеткен жөн.

Атыраудағы тартысқа толы кездесу үшінші раундта аяқталды. Жарақат алған Хамитов аталмыш айқасты жалғастыра алмады.  

Еске салайық, көз арбасу кезінде Қуат Хамитов қарсыласын итеріп жіберген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қуат Хамитов