Саясат 19.12.2021 сағат 15:23

Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Екі ел арасындағы көпжылдық достық қатынастарды одан ары дамытып, халықтарымыздың байланыстары мен ықпалдастығын тереңдете береміз деп сенемін
Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Ин корей халқының атынан жүрекжарды құттықтауын жолдады.

"Елдеріміз түрлі сала бойынша ынтымақтастықты дамытып келеді. Атап айтқанда, біздің өзара алмасқан сапарларымыз және генерал Хон Бом Доның мүрдесінің тарихи отанына қайтарылуы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан ары тереңдеуіне мүмкіндік берді деп санаймын. Келесі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтіледі. Екі ел арасындағы көпжылдық достық қатынастарды одан ары дамытып, халықтарымыздың байланыстары мен ықпалдастығын тереңдете береміз деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Сингапур Президенті Халима Якуб өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, екі мемлекет арасында тығыз ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік бар екенін атап өткен.

"Сингапур мен Қазақстан жоғары деңгейдегі берік әрі жеке байланыстар арқылы бекемделген шынайы достық қатынас орнатқан. Халықаралық сауданың негізгі транзиттік тораптары ретінде екі елдің орналасқан стратегиялық орнын ескере отырып, жүк тасымалы байланыстарын дамытуға өзара мүдделіміз", - деп жазған Сингапур Президенті.

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян да өзінің құттықтауы мен игі тілектерін жолдай отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды жетістіктерін атап өткен.

"Біздің өзара күш-жігеріміз Армения мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықты екіжақты форматта да, интеграциялық қауымдастықтар мен көпжақты ұйымдар аясында да  одан әрі дамытуға бағытталатынына сенімдімін. Мұның бәрі екі ел халықтарының мүддесін көздейді", - делінген жеделхатта.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Оман сұлтаны Хайсам Бин Тариқ, Непал президенті Бидхья Деви Бхандари, Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон, Израильдің бұрынғы премьер-министрлері Биньямин Нетаньяху және Эхуд Ольмерт, БҰҰ-ның Женевадағы  бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин, "Mabetex Group" компаниясының президенті Африм Паколли және басқалар өз құттықтауларын жолдады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар