05.01.2022, 11:40

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: ашық дерекөз
Елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 градусқа дейін аяз болады.

Синоптиктер 6, 7 және 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 6 қаңтардан бастап Скандинавия аудандарынан келген циклон еліміздің басым бөлігінің ауа райына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын болып, жел күшейіп, сондай-ақ, ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.

"Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста және солтүстік-батыста түнде 0-8 градус аяз, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.