$ 449.58  486.94  4.86

«Бас прокуратурадан «Айдың нұры» қорын қатаң тексеруді сұраймын!» - Айгүл Орынбек

Халықтан жиналған ақша - халықтың алдында тиынына дейін есебі берілуі керек! Африкаға су құдығын кіргізіп жүрген қорымыз, елімізге “Дикий Арман” арқылы қарулы лаңкестерді кіргізбегеніне кепілдік бар ма?

Халықтың өзі террористерді қаржыландырып жүрген жоқ па?!
Бас Прокуратурадан “Айдың нұры”қорын қатаң тексеруді сұраймын!

Соңғы үш жылда қылмыс әлемінің серкесі “Дикий Арман” және оның қырық қарақшысы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева арқылы қоғамда қатты жарнамаланды. Елдің алдында жүрген біраз жұлдыздар да Түркияға ағылып, тіпті оның сайлап алған символы - “қасқыр белгісін” (түрлі кереғар мағыналас) саусақпен көрсетіп, әлгі Арманмен жеке суретке түсті. Түсіп қана қойған жоқ, оны әлеуметтік желіде әспеттеп “батыр” көрсете бастады. Бұрын соңды қалың елге тек “қылмысымен” танылған ол, осылайша соңғы үш жылда халыққа дәрі-дәрмек, тамақ тарататын қайырымды жан, спортсмендерге 2000 долларлап сый беретін “супермэн герой” болып шыға келді!

Расында…Бұл “ЕРЛІКТІҢ” артында бір шикілік барын, бір “дәудің” тұрғанын БІЗ сияқты жандар түсінгенмен, қарапайым халық түсіне бермеді! Иә, Елдің алдында жүрген “подписчигі” көп танымал тұлғаларды шақырып, оларға ат шапан жауып үлде мен бүлдеге орау, қалтасына конверт салып өзімен суретке түсіп, атойлап жарнамалату - бұл сәләфиттердің әдісі екенін бірі білсе, бірі беле бермейді ғой.

Бұның бәрі арнайы дайындалған ЖОБА! Бұл - Елдің алдында жүрген танымал адамдар арқылы халықтың санасын улап, өздерін қайырымды да жанашыр көрсету арқылы билікке жетудің тың тәсілі! Иә, билікке жетудің төте әрі қитұрқы оңай жолы!

Әйтпесе, бұрын соңды халық үшін тырнағының ұшын қимылдатпаған адам, қалайша миллиондаған қаржыға жұртқа жақсылық жасай қалды? Батпан құйрыққа қайдан ғана бата қалды?

Осының бәріне күдікпен қарай отырып, қазір де халықтан ақша жинап отырған Айнұр Тұрсынбаеваның қорын Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттетінен тексеруді сұраймын! Қатаң тексеруді сұраймын!

Халықтан жиналған ақша - халықтың алдында тиынына дейін есебі берілуі керек! Африкаға су құдығын кіргізіп жүрген қорымыз, елімізге “Дикий Арман” арқылы қарулы лаңкестерді кіргізбегеніне кепілдік бар ма?

Әрине жоқ! Сол себепті, бұл қор шұғыл түрде әрі жіті тексерілуі керек!
Ауа жетпей жатқан халыққа “дем беремін” деген Айнұрдың өзіне биліктен үміт үзіп отырған халық болып, аппараттарға ақша аудардық. Рас қой?! Сол аппараттар елге келді ме, келсе қай ауруханаларға жіберілді соның да есебі берілген жоқ!

Елден жасыратын ештеңесі жоқ болса, істеген әрбір амалы таза болса, Айнұр ханым халықтан түскен әрбір тиынға - өзі есеп берсе де болады! Осы уақытқа дейін қорға қанша қаражат түсті, сол қаражаттар қандай бағыттарға жұмсалды….бәрі-бәрінің жауабын халық болып күтеміз!

Банктен “выписка” алып, әрбір тиынға тоқтала кетсе, ол кісі өзін Елдің алдында ақтап алар еді.
Әйтпесе, қазір оған деген күдік күшейе түсті! Елде ылаң болып жатқанда “Дикий Арманды” жақтай пост жазып, кейін оны өшіріп, Президентті қолдап шыға келгені қулық емей немене? Халықтың ашу-ызасын тудырып, шатастырудың қажеті жоқ!

Шындықты айтып аузыңды ашсаң, “сен оны көре алмай жатсың”, - деп жақтастары әліптің артын бақпай, сөге шығады. Қой құрсын тыныш жүрейін, бір күні өздері түсінер деп жүрсең, тағы сол көмек сұрап, алданып жатқан - ХАЛЫҚ! Жаның ашиды, жүрегің ауырады…

Президент "Қазақ халқына" деген қор ашты!
Енді кім көрінген мен күмән тудыратын қорларға ақша аудара бермей, өзіміздің халық болып қадағалайтын қорға ақша аударайық!

Бұл қор Президенттің өз бақылауында болады! Болашағы бар, ең бастысы СЕНІМ бар!

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары