Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қаңтардың соңына дейін еңбек демалысында. Бұл ақпаратты депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол депутат коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін оңалу жұмыстарына байланысты ақысыз демалыста екенін айтты.
Бұған дейін Дариға Назарбаева коронавирус жұқтыруына байланысты еңбек демалысында екені хабарланған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.