$ 498.51  522.84  4.81

«Президент «Nur Otan» партиясын мемлекет пен қоғам арасында шынайы диалог қалыптастыратын қоғамдық-саяси құралға айналдырады» - сарапшы

Мемлекет басшысы белгілеп бергендей, партия фракциясы жаңарады. Барынша прогресшіл, жауапты әрі ашық депутаттарға басымдық беріледі

«Nur Otan» партиясының негізгі күнтәртібі «Жаңа Қазақстан» бағдарын құруға бағытталған. Мұндай пікірді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Қоғамдық процестерді зерделеу орталығының басшысы Қазыбек Майгелдинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясының негізгі күнтәртібі бүкіл саяси жүйе сияқты «Жаңа Қазақстан» бағдарын құруға бағытталған. Осы тұрғыда партиялық жүйе қайта ретке келтіріледі. Өзіміз де көргендей, негізінен бұл алдағы уақытта мемлекет пен қоғамның шынайы диалогын қалыптастыру үшін Президенттің қоғамдық-саяси құралы болатын «Nur Otan» партиясына қатысты болмақ. Бұл жайында Президент нақты әрі анық айтты. Негізгі басымдық адами капиталға жүктеледі. Партия қатарында 80 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар. Соған орай олардың әлеуетін жоққа шығаруға болмайды. Оларды игілік жолында қолдану керек. Бірақ, басты мәселе партия құрамының сапасы болды. Сондықтан партияның саяси бюросын жаңарту іс-шарасы қабылданды. Құрам 50 пайыздан астамға жаңартылды. Ең бастысы – азаматтық сектордың, сонымен қатар әйелдер мен жастардың қатысуын арттыру. Бұл Мәжіліс құрамына да қатысты болады. Бүгінде 76 депутаттың «Nur Otan» партиясынан мандаты бар. Мемлекет басшысы белгілеп бергендей, партия фракциясы жаңарады. Барынша прогресшіл, жауапты әрі ашық депутаттарға басымдық беріледі», - деді Қазыбек Майгелдинов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі «Хабар» агенттігіне берген сұхбатына орай.

Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғалары іс жүзінде жүйелі проблемалардың мемлекет пен қоғамда, партияда да болғанын көрсетіп берді. «Осынау сәтте өңірлерде болып, шерушілермен келіссөздер жүргізуі тиісті халық қалаулыларының белсенді жұмысын көре алмадық. Демек, депутаттар белсенді түрде жүргізуі тиіс жұмыстардың бәрі орын алған жоқ. Кадрлық ротация және партияның барлық басшылығын жаңартуға қатысты жаңа іс-шаралар өңірлік деңгейге де қатысты болады. Олар партияның халықпен өзара іс-қимыл жұмысын жақсартуға шынай көмектесуі тиіс. 200-ден астам қоғамдық қабылдаулардың қызметін қайтадан жандандырып, халықтың сеніміне қайтадан ие болу қажет», - деді ол.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев