Бұл орайда Ресей Еуропаға табиғи газ жеткізуді тоқтатып немесе АҚШ пен Еуропаның инфрақұрылымына кибершабуыл жасау арқылы жаһандық экономикаға әсер ететін әрекеттерге баруы мүмкін.
АҚШ-тың Ресейге қатысты ықтимал шектеулері қаржылық дүрбелең тудырып, әлемдік экономикалық жүйеге айтарлықтай соққы беруі мүмкін, деп жазады New York Times.
Басылымның жазуынша, санкциялар ауқымды инфляция тудырып, қор нарығының құлдырауы сияқты американдықтарға «зиян келтіретін» басқа да қаржылық дүрбелең тудыруы мүмкін.
АҚШ шенеуніктері Ресей Украинаға басып кірген жағдайда қатаң экономикалық шараларға, оның ірі банктері мен қаржы институттарына санкция салуға уәде беріп отыр.
Ешбір ел бұған дейін мұндай ауқымды санкцияларды қолдануға әрекеттенген емес.
Кейбір сарапшылар жағдай шиеленісіп кетеді деп ескертуде.
Орда.кз