31.01.2022, 14:20

Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

Фото: Tengrinews.kz
Мемлекет басшысының Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады: •    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді; •   саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді; •    Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды; •    "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы: •    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді; • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді; •  Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді. •    қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді; •    Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.