$ 444.32  473.33  4.76

«Соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған» - депутат

Қаңтар қасіретіндt кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар.
Фото: ашық дерек көзінен алынды
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Бүгін Мәжіліс отырысында “Ақ жол” фракциясының өкілі Мақсат Раманқұлов де-офшоризация туралы Қаржы мониторинг агенттігіне депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сауалында шетел асып кеткен қыруар қаражатты елге қайтару мәселесін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Біздің фракция сонғы жылдары, «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінің Қазақстандықтырдың шоттарына  қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз.

«Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары каражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған.
Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз.

Сонымен қатар, қаңтар қасіретіндt кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен сұраймыз:

1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру.

2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай ірі қаражат шағарылды (миллион АҚШ доллардан көп суммалар), оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті.
Сол күрделі күндерде көленкелі капиталдар шығарылды, деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсын.  Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.

3) Сондықтан бұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржынын шығуының заңдылығын, және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз», – деді депутат.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қаржы #шетел