$ 494.87  520.65  4.91

Парламент Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізді

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Парламент Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған.

Сондай-ақ, заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.

Бұл ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары