$ 523.58  549.71  5.01

«Халықты Президентімізге қарсы қою саясаты деп қабылдаймыз»: белгілі заңгер казиноқұмар генералдың қызметке келуіне қарсылық білдірді

Қасым-Жомарт Кемелұлының “Жұртқа жақын полиция” тұжырымдамасын Сіз және казино-құмар генералдарыңыз жүзеге асырады дегенге Халық енді сенбейді!

Құмар ойын ойнап, Халықтың қаңқу-қарғысын арқалаған генерал қалай таққа отырды, Ерлан Тұрғымбаев мырза!

Ішкі істер органы, Полицияның кем-кетігінен күйінген Халық өзгеріс яғни реформа күтіп отыр!
Полицияның киімін, басшылардың орнын, қызметкерлердің карточкасын өзгерту - ол РЕФОРМА емес!

Бізге ішкі құрылымдық реформа керек!

Халықпен ашық әрі әділ жұмыс істейтін басшыларды орнынан алып тастап, казино аралап, құмар ойынның қызығына тоймай миллион долларлап ұтылып жүрген генералдарды таққа отырғызу - Сіз үшін реформа жасау ма?

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының “Жұртқа жақын полиция” тұжырымдамасын Сіз және казино-құмар генералдарыңыз жүзеге асырады дегенге Халық енді сенбейді! Сенім көз алдымызда аяққа тапталды!

Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен орнынан босатылған Аян Дүйсенбаевтың онша-мұнша емес, Маңғыстауға полиция департаментінің бастығы болып бір-ақ келуі - Ерлан Тұрғымбаев мырзаның “Халықты Президентімізге қарсы қою саясаты” деп қабылдаймыз!

Құрметті Президент! Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге Сіздің тұжырым-тапсырмаңыз бен Халықтың талаптарын ұтымды әрі дер кезінде орындайтын Министр керек!
Өзгерісті осыдан бастауды ұсынамын!

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары