Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Қорғастағы» заңсыз әрекеттерден пайда көргендердің кінәсі дәлелденсе, олардың аты-жөнін жариялауға уәде берді, деп хабарлады orda.kz.
«Біз осы тізімді алғымыз келеді. Біз біреуді ренжітуден аулақпыз. Егер біреуге қатысты оның шынымен заңсыз әрекет жасағаны сот немесе тергеу арқылы дәлелденсе, біз, әрине, оларды айтамыз», – деді Сарым.
Бұл ретте ол алдымен мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері жағдайды зерделеп, «кеден бекетінен бастап, делдалға дейін барлығымен сөйлесуді» көздеп отырғанын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.