$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев пен Путин Кремльде келіссөзді бастады

Кездесуде көшбасшылар қол алысып, құшақтасып, камин жанындағы орындықтарға жайғасты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кремльде Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздері басталды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кездесуде көшбасшылар қол алысып, құшақтасып, камин жанындағы орындықтарға жайғасты.

Өткен аптада Путин дәл осы кеңседе Аргентина президенті Альберто Фернандеспен кездесті (3 ақпанда). Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен (1 ақпан) және Франция президенті Эммануэль Макронмен де (7 ақпан) Ресей президенті осы кеңседе келіссөз жүргізген. 

Путин мен Тоқаев үшін бұл Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейінгі алғашқы кездесу. Елдің бірқатар қалаларында тәртіпсіздіктер мен  наразылық акциялары өткен соң Қазақстан Президентінің өтініші бойынша ҰҚШҰ бітімгершілік күштері уақытша келген болатын. Содан кейін мемлекет басшылары бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп, ұйым саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысты.

Республика билігінің пікірінше, бұл тәжірибе ҰҚШҰ-ның өміршеңдігін, тиімділігін және оның жедел әрекет ету қабілетін көрсетті.

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Тоқаев Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, экономикалық ынтымақтастықты, Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді талқылайтынын жеткізді. Кремль өкілі сондай-ақ, басшылардың жақын аймақтардағы жағдай мен өңірлік қақтығыстар туралы пікір алмасатынын айтты. Песков мәлімдегендей, келіссөздерден кейін президенттер баспасөз мәлімдемесін жасайды.

Айта кетейік, бұл Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін екі ел басшыларының алғашқы жеке кездесуі.

10-11 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге қысқа мерзімді жұмыс сапарымен баратынын жазған едік.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары