$ 498.34  519.72  4.85

Елордада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жауын-шашын салдарынан коммуналдық қызметтер полицияның патрульдік көліктерінің көмегімен көшелерді тазарту үшін барынша арнайы техниканы пайдаланды.
orda.kz
orda.kz

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 114 жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция департаменті жолда сақ болуды сұрайды.

«Жауын-шашын салдарынан коммуналдық қызметтер полицияның патрульдік көліктерінің көмегімен көшелерді тазарту үшін барынша арнайы техниканы пайдаланды. Өткен тәулікте елордада 114 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті» делінген полиция мәлімдемесінде.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қаланың тәртіп сақшалары да тартылуда.

— Жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежегішті қатты баспауды, арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды, жеке көліктерін жол бойында қалдырмауды және жол жүрмеуін,  қар жинау техникасына кедергі келтірмеуді сұраймыз, – деді  Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция департаменті басшысы  Елжан Шөпеков.

Сонымен қатар, полиция көше бойында механикаландырылған тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көліктерді қою фактілері бойынша жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылып, көліктер эвакуацияланатындығын да хабарлады.
 

Ауа райы жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде балалар мен қарт жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде көмек көрсетеді. Жаяу жүргіншілер көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіп, белгіленген жерлерден ғана өтуі керек.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты